Қарағандыда Беларус Республикасы кәсіпорындарының сауда-экономикалық миссиясы болды
Бизнес-делегация құрамына құрылыс және кен өндірістері үшін техника, тамақ өнімдерін және халық тұтынатын тауарлар шығаратын жеті беларустық компания өкілдері енді.
«Қазақстан - біздің стратегиялық әріптесіміз. Біздің мақсатымыз - бизнес адамдарын қосып, өзара тиімді байланыстарды дамыту. Біз бір-бірімізге өткізу рыногын кеңейтуге көмектесуге тиіспіз», - деді Беларус сауда-өнеркәсіптік палатасының Минскідегі бөлімшесі бас директорының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары Вера Сирачева.
Қарағандыдағы сауда-экономикалық миссияның қорытындыларын келесі айда шығару жоспарлануда.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, Қарағанды облысы мен Беларус Республикасы арасындағы 2009 жылғы сауда айналымы 85 миллионнан астам АҚШ долларын құрады. Аймақта өнеркәсіп және сауда салаларында жеті бірлескен қазақстан-беларус кәсіпорыны жұмыс істейді.