Қарағандыда белгісіз біреулер кәсіпкердің көлігінің ішінен 20 мың АҚШ долларын және банк карточкаларын ұрлап кетті

ҚАРАҒАНДЫ.4 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда белгісіз біреулер кәсіпкердің жеңіл көлігін өз кілттерімен ашып, оны 3 миллион теңгеге отырғызып кетті.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 35 жастағы директоры полицияға арызбен келді. Оның айтуынша, қала орталығындағы сервистік орталықтардың бірінің жанында тұрған «Тойота Камри» көлігін біреулер ашып, ішіндегі портфелін алып кеткен. Потрфельдің ішінде 20 мың доллар ақша, «Asus» ноутбугі, екі банк карточкасы болған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Кәсіпкер шығынды 3 миллион теңгеге бағалап отыр. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар