12:51, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағандыда бес қабатты үйдің астына салынған дүкен өртенді
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сейсенбі, тамыздың 17-сі күні Қарағандыда Октябрь ауданы, 16-шы шағын ауданында орналасқан бес қабатты үйдің астына салынған «Демалыс» дүкені өртенді, деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оның ақпараты бойынша, өрт туралы ақпарат 20.21-де келіп түсті, ал сағат 21.01-де жалын ауыздықталды. «Жиһаз бөліміндегі 40 шаршы метр аумақты алған жиһаз өртенді. Тілсіз жауды сөндіру үшін Қарағанды облысы, ТЖД өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрттің себебі мен әкелген зардабының мөлшері анықталып жатыр.