Қарағандыда Братина Кубогы үшін финалдық матч қала көшелерінде тікелей эфирден көрсетіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Братина Кубогы үшін финалдық матчты қарағандылықтар қалада орнатылған алып экрандардан онлайн-режимінде көре алады.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Матч Кеншілер мәдениет сарайының алдында, Қарағандының орталығында және «Қарағанды-Арена» мұз сарайының маңында орнатылған жарықдиодты экрандардан тікелей эфир арқылы сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін көрсетіледі», - делінген таратылған хабарламада.

Матч алдында Қарағандыда «Сарыарқа» хоккей клубына қолдау білдіру мақсатында автожорық өтеді.

Еске салайық, Қарағандының «Сарыарқа» командасы Жоғары хоккей лигасының плей-офф финалына өтті. Братина Кубогы үшін «Сарыарқа» мен нефтекамскілік «Тороспен» шешуші, жетінші матч ертең, 30 сәуір күні Қарағандыда, «Қарағанды-Арена» мұз сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар