Қарағандыда бүгін таңертеңнен бері «Мәңгілік алауға» гүл қойғысы келетіндердің ағыны таусылар емес

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда Жеңіс күнін тойлау «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою салтанатынан басталды.
None
None

Бұл рәсімге облыс және қала басшылығы, ардагерлер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.

Өкінішке орай, кәріліктеріне және сырқат-науқастарына байланысты ардагерлердің бәрі бұл рәсімге қатыса алмады. Қарағанды қаласында бүгінде 521 майдангер тұратын болса олардың ширек бөлігі ғана бүгін мемориал басына бара алды.

Таң атқалы бері адамдар соғыста қаза болғандарды еске алу және көзі тірі ардагерлерді мейрамдарымен құттықтау үшін «Мәңгілік алауға» ағылуда. Ескерткішке гүл шоқтарын қоюға адамдар кезекте тұр.

Жеңіс күні - еліміздің барлық халқы үшін үлкен мереке, «Мәңгілік алау» жанында жиналған қарағандылықтардың арасында жүргізілген блиц-сауал осының көрсетіп отыр.

«Жеңіс күні - ауыр зұлматтан кейінгі өмір жалғасқан күн. Ал бүгінде мамырдың 9-ы - біздің әрқайсысымыз үшін - келесі Жеңіс мерекесіне жетудің өзіндік бір нүктесі. Менің жасым 86-да және Жеңіс күнін тағы бірнеше рет қарсы алғым келеді», дейді Тынық мұхит флотында шайқасқан полковник Николай Никонович Половой.

«Мен бұл жерге, қайтыс болған майдангер әкемді еске алу үшін келдім. Әкем бүгінгі Жеңіс мерейтойына жете алмай кетті, 85 жасында қайтыс болды», дейді қарағандылық Анна Алексеевна.

«Соғыс туралы біз тек кітаптардан, фильмдерден білеміз. Бірақ Жеңіс күні - баршамызды, барлық ұрпақ өкілдерін біріктіретін мереке. Соғысқа шайқасқан адамдардың ерліктерінің арқасында, бүгін біз ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз», -дейді мерекеге топ болып келген медициналық академияның студенттері.

Қарағандыда Жеңіс мерекесі Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің ескеркіші жанындағы алаңда жалғасады - онда Қарағанды әскери гарнизонының салтанатты шеруі болады. Одан кейін Жеңіс саябағында театрландырылған қойылым, мерекелік концерт, әскери техника көрмесі өтеді. Кешке мерекелік отшашу болады.

Қарағанды облысында қазіргі таңда 1110 ардагер тұрады. 15 ардагер облыстың атынан Астанадағы Жеңіс парадына, тағы үш ардагер Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысуда.

Соңғы жаңалықтар