Қарағандыда дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет департаментінің қызметкері 3,5 жылға сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қарағанды облысы бойынша қаржылық сауықтыру және банкроттық департаменті бөлімінің бастығы алаяқтыққа әрекеттенгені үшін 3,5 жылға сотталды.
None
None

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қарағанды облысы бойынша
қаржылық сауықтыру және банкроттық департаменті бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Соттың үкімімен ол ҚР ҚК-ның 24-бабы, 3-бөлімі, 177-бабы, 3-бөлімінің «б,г» тармақтары бойынша кінәлі деп табылды. Ол мүлкін тәркілеумен және жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеумен 3,5 жылға сотталды. Сондай-ақ оған 3 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді орындаумен байланысты лауазымдарда жұмыс істеуге тайым салынды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу амалдарының мәліметтері бойынша, мемлекеттік қызметкер өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, жекеменшік құқыққа қарсы ауыр қылмыс жасады. Істің материалдарында аталып өткендей, ол кәсіпорынды оңалту процедураларына кедергі келтірмеу үшін 600 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Қаржы полициясы департамент қызметкерін аталған соманың жартысын алу үстінде ұстады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар