Қарағандыда дәстүрлі әндер орындаушылардың Ж.Елебеков атындағы IV республикалық конкурсы өтуде

ҚАРАҒАНДЫ.   Қазанның  29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағандыда сәрсенбі күні  дәстүрлі  әндер  орындаушыларының Жүсіпбек Елебеков  атындағы  ІV республикалық  конкурсының    ашылу   салтанаты  өтті.
None
None

 Биыл конкурс    Қазақстан Республикасының әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Жүсіпбек Елебековтің 105 жылдығына арналып отыр.    Өнер бәсекесіне      Қазақстанның барлық өңірінен  жиналған орындаушылар  қатысады.  Әншілер    домбыраның   немесе қобыздың сүйемелдеуімен  ән орындайды.   Конкурсанттардың жасы 17 мен 40 жастың аралығында.   Қазылар алқасына  Қазақстанның  халық әртісі Қайрат  Байбосынов   басшылық  етеді.

 Қарағанды  облыстық әкімдігі   ұйымдастырып  отырған       бұл  конкурстың  мақсаты - Ж. Елебековтің ән мұрасын кеңінен насихаттау арқылы, жас орындаушылар шеберлігін шыңдап, олардың үлкен өнер жолына жолын ашу, көпшілікке кеңінен танылуына мүмкіндік жасау, дәстүрлі орындаушылық өнерді жан-жақты насихаттау, жас ұрпақтың рухани ұстанымына айналдыру.

 Конкурс  екі күнге созылады.    Қазанның 30-да, шараның  жабылу рәсімінде    жеңімпаздардың    гала  концерті  өтеді.

Соңғы жаңалықтар