11:33, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағандыда демеушілердің қаражаты есебінен тұрғын үйлердің апатты жағдайдағы шатырларын жөндеуден өткізу жоспарлануда
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды әкімдігінде 2011-2013 жылдарға арналған тұрғын үйлердің жабындары мен аулаларын жөндеуден өткізу туралы бағдарлама дайындалып жатыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Келесі жылы тұрғын үйлердің апатты жағдайдағы шатырларына бірінші назар аудару жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мамандар Қарағанды бойынша шатырлары 85 пайызға жарамсыз болып қалған 30 көпқабатты үйді анықтап отыр», - деп атап өтті қала әкімінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылы жедел түрде өрттен зардап шеккен үш көпқабатты үйдің шатырын жөндеуден өткізу қажет. «Қазіргі таңда осы жұмыстардың қаржыландырылуына қатысты мәселелер шешіліп жатыр», - делінген баспасөз қыметтің таратқан ақпаратында.