Қарағандыда діни келісім мәселесі талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда Діни келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
None
None

Оған ғалымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар ұлтаралық қатынастар мен діни келісім мәселелерін талқылады.

«Тәуелсіздік жылдарында елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі құрылды. Елімізде діни төзімділіктің деңгейі жоғары, бүгінгі күні қоғамда діннің рөлі айтарлықтай артты», - деді Қарағандыдағы №1 орталық мешіттің бас имамы Өмірбек Бекқожа.

Астанада әр 3 жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі өтеді, деп атап өтті ол. «Оның жұмысына белгілі саясаткерлер де қатысады. Бұл оңтайлы шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді», - деді діни өкіл.

Дін істері жөніндегі облыстық департаменттің директоры Серік Тілекбаев діни бірлестіктердің қайта тіркелім үрдістері жйлы айтып берді. «Қайта тіркеу 25 қазанда аяқталады. Алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес діни бірлестіктердің саны 360-ты құрайды. Бүгінгі күні 122 мұсылман діни бірлестігі, 25 православты қауым қайта тіркелімнен өтті, тағы да 17 рим-католиктік қауым қайта тіркелімнен өтуі тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, елімізде Діни келісім күні жыл сайын 18 қазанда аталып өтеді.

Соңғы жаңалықтар