Қарағандыда Германияның көшпелі көрмесі ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Германия Федеративті Республикасының «Қиын-қыстау кезеңдегі диктатура мен демократия. ХХ ғасырдың тарихына көзқарас» көрмесі ашылды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
None
None

«Қиын-қыстау кезеңдегі диктатура мен демократия. ХХ ғасырдың тарихына көзқарас» көрмесінің көздегені - тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізіп зерделеу, ХХ ғасырда болған саяси байланыс пен заңдылықтардан хабардар ету. Көрмеге түрлі халықтардың бір арнада тоғысқан тарихи өмірінен сыр шертетін Еуропаның көптеген мұрағаттарынан әкелінген фотосуреттер қойылды», - делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасында биыл бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл, екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 75 жыл толғандығы, сондай-ақ Берлин қамалының құлағанынан 25 жыл өткені атап өтілді. Экспозицияны Қазіргі заманғы тарих институты (Мюнхен), Германияның социалистік бірыңғай партиясының диктатурасын зерттеудің федералды қоры (Берлин), Deutschlandradio Kultur радиостансасы ұйымдастырды. Көшпелі көрменің біздің елге келуіне ГФР елшілігі мұрындық болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум