Қарағандыда ІІД басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қарағанды облысы ІІД басшысының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Қасенов Берікбол Телеуханұлы тағайындалды.
None
None

 Ол бұл лауазымға дейін Шығыс Қазақстан облысы ІІД басшысының орынбасары болған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Берікбол Қасенов әкімшілік, көші-қон және жол полициясына жетекшілік ететін болады. Жаңа орынбасарды ІІД-нің жеке құрамына ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Игорь Владимирович Лепеха таныстырды.

Қасенов Берікбол Телеуханұлы 1960 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

1988 жылы ҚР ІІМ-нің Қарағандыдағы   жоғары мектебін тәмамдаған. 1984 жылдан бастап құқық  қорғау органдарында жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар