20:20, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Қарағандыда ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің ІІ республикалық ардагерлер кеңесі өтті
ҚАРАҒАНДЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің ІІ республикалық ардагерлер кеңесі өтті, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Кеңесті ІІО мен ІӘ республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков жүргізді. Оған Астана, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Кеңесте ардагерлер ұйымының жарлығына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар талқыланды»,- деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеңестен кейін делегаттар Қарағанды облысы ІІД-нің мұражайын аралады.
Ведомствоның берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, Қарағанды облысында ІІО мен ІӘ-нің 4000-ға жауық ардагері бар.