Қарағандыда К.Станиславскийге ескерткіш орнатылады

ҚАРАҒАНДЫ.  Қарашаның 3-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Желтоқсан  айында  Қарағандыда    атақты режиссер   Константин  Станиславскийдің   құрметіне  ескерткіш  ашылады,
None
None

деп   хабарлады  облыс әкімінің баспасөз   қызметінен.

Жол  картасы  бағдарламасының аясында  қазіргі уақытта К.С.Станиславский атындағы  облыстық   орыс  драмалық театрында  жөндеу  жұмыстары  жүріп жатыр. Жаңарту  жұмыстарының    түйіндеуші шарасы  ретінде  театр  алдындағы алаңға  ескерткіш  орнатылмақ.   Қарағанды  облысының әкімі   Нұрлан Нығматуллиннің  бастамашылығымен осындай  шешім қабылданып отыр.

Ескерткішті   жасау  конкурсына  9 адам     қатысты.     Қазақстанда      тұрғызылатын      ескерткіштер  мен   монументтер  жөніндегі мемлекеттік комиссияның  қарауына ұсынылған    үш үздік  жобаның ішінен    қарағандылық танымал  мүсінші,  қаладағы  «Шахтерлар даңқы», «Металлургтер», т.б.    монументтерінің авторы  Анатолий Билыктың   жобасына таңдау  түсті.

Соңғы жаңалықтар