Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспектор соққыға жығылды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында балаларын тәрбиелеуден бас тартқан әйелдің үйіне барған кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспектор соққыға жығылды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға 11 шілде күні орын алған.

«Қарағанды қалалық ІІБ полицияның Оңтүстік Шығыс бөлімінің 39 жастағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспекторы балаларын тәрбиелеуден бас тартқан, есепке тіркелген 26 жастағы қала тұрғынына тұрғылықты мекен жайы бойынша барған. Алайды нәзік жанды тәртіп сақшысын әйелмен бірге тұратын 27 жастағы ер адам соққыға жықты», - делінген хабарламада.

Бұзақы қолға түсті. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум