16:38, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қарағандыда кәсіпкер азаматты өлтіріп кетті
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандылық тәртіп сақшылары қала маңындағы Федоров су қоймасының жағасынан денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар кәсіпкер азаматтың мәйітін тапты.

Оны қаланың 41 жастағы тұрғыны өлтірген болып шықты. Бұл мәліметпен бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз таныстырды.
Оның мәліметтеріне қарағанда, мерт болған азамат 62 жаста, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директоры болған. Ол күдіктімен бірге көлдің жағасында ішімдік ішкен. Ұрыс-керіс кезінде күдікті мерт болған азаматтың желкесінен пышақпен ұрып өлтірген. «Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,-деді Н.Ораз.