Қарағандыда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі қоймада сұйық азот қышқылы төгілді

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі қоймада сұйық азот қышқылы төгілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Бейсенбі күні, 26 шілдеде Қарағанды қаласында «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысы бойынша «Бөрлі» көмір департаментінің өңірлік біртұтас қойма шаруашылығына тиесілі қоймада 13 келі сыйымдылықтағы пластикалық ыдысты тасымалдау кезінде ол жарылып, азот сұйықтығының 56 пайызы төгілді.

Қойманы тексеру нәтижесінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған азот сұйықтығы анықталды. Сұйық қышқыл  200 литрлік темір бетондарға құйылды, төгілген жер суық сумен шайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 15 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ Қарағанды қаласы бойынша Шұғыл құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апат медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар