17:33, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылми конференция болып өтті
ҚАРАҒАНДЫ. 15 сәуір. ҚазАқпара /Валентина Елизарова/ - Бүгін академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік өзгерістердің посткеңестік үлгілері: жиырма жылдық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті.
Жақын және алыс шетелдік әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қатысқан іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.
Конференцияға қатысушыларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Рогалев құттықтады. Ол сондай-ақ Президент көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Марат Тәжиннің құттықтау сөзін жеткізді.
Конференцияда тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық, саяси, әлеуметтік-мәдени өзгерістермен байланысты мәселелер талқыланды. «20 жыл ішінде барлық посткеңестік елдердегі халықтың демографиялық құрылымында үлкен өзгерістер болды. Соның нәтижесінде біз жаңа қоғам құра алдық», - деді конференцияға қатысқан Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің профессоры Николай Головин.