Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 8 тамызда Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Оны облыс әкімдігі, өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.
None
None

Өз сөзінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өңірде индустриалды-инновациялық дамудың екінші бес жылдығын жүзеге асыру белсене жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

ҮИИД алғашқы бесжылдығында областа 6,5 трл теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, индустрияландыру картасы аясында бірқатар өндірістер іске қосылды. Байқау «Үздік өндірістік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өтті. Байқау қорытындысты бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік өндірістік тауарлар» аталымында І орынды Бұқар жырау ауданының «Бемер Арматура» ЖШС, ІІ орынды Балқаш қаласының «Түсті металдар өңдеу зауыты» АҚ, ІІІ орынды Қарағанды қаласының «Bekem-Plast» ЖШС иеленді. «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында І орынға «Қарағанды металл бұйымдар зауыты» лайық деп танылса, ІІ және ІІІ орындарды сәйкесінше «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС мен «Тэгам» ЖШС бөлісті. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында І орынды «Eurasian foods» АҚ, ІІ орынды «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, ал ІІ орынды бұқаржыраулық «Ақнар құс фабрикасы» ЖШС алды. Енді көрме лауреаттары жыл соңында Астанада өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары-2015» байқауына қатысады.

Соңғы жаңалықтар