Қарағандыда Қазыбек би атындағы ауданның әкімі болып Татьяна Шатохина тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қазыбек би атындағы ауданның әкімі болып 44 жастағы Татьяна Шатохина тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
None
None

«Қарағанды Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Рүстем Қабжанов оны кәсіби жағынан қызықтыратын өзге қызметке кетуіне байланысты бұл лауазымнан босатуын өтінді. Оның өтініші қабылданды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Қарағанды әкімінің бұйрығымен Қазыбек би атындағы ауданның әкімі болып Татьяна Шатохина тағайындалды», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қала активінің жиынында.

Оның сөзіне қарағанда, аудандық әкімдік басшылығына бірқатар кандидатура қаралған.

«Т. Шатохина осыған дейін мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының директоры болған. Бұл орталықтың басшысы ретінде Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызметтің дамуына аз үлес қосқан жоқ», - деп атап өтті Н. Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар