Қарағандыда келесі жылы Достық үйі салынады

КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 2015 жылы Достық үйі салынбақ, деп хабарлады облыстық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Дулатбеков.
None
None

«2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланғаны белгілі. Қарағандыда келесі жылы Достық үйінің құрылысы басталады», - деді бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мүшелерінің кездесуінде Н.Дулатбеков.

Облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Мария Алеева жобалаушылар этномәдени бірлестіктердің тілегін ескеретінін атап өтті.

«Достық үйінің 1500 орындық концерт залы болады. Біз өз ұсынысымызды енгіздік. Әрбір облыстық этномәдени бірлестік үшін офис қарастырылған. Сол ғимаратта облыстық ҚХА мұражайы орналастырылатын болады. Конференция залы, лингвистикалық сыныптар, шығармашылық ұжымдарға арналған дайындық залдары бөлінбек», - деп атап өтті М.Алеева.

Ғимарат қаланың «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында салынбақ. Биылғы жылы облыстық құрылыс басқармасы жобалық жұмыстарға байқау жариялады.

«Мұндай қоғамдық маңызды нысанды салу «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойылған ұлтаралық келісімді нығайту және жаңа қазақтандық патриотизмге тәрбиелеу міндетін іске асыруға ықпал етеді», деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Айта кетейік, Қарағанды облысында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Облыстық ҚХА хатшылығы өкілдерінің мәліметінше, өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олардың - 24-і облыстық. Олар 40 этносты қамтиды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум