Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев атындағы аллеяда Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
Мартбек Мамыраев атындағы аллея осыдан екі жыл бұрын Кеңес Одағының Батырының жүз жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Содан бері сол жерде жыл сайын ардагерлердің қатысуымен Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізу дәстүрге айналған.
«Осы жылы аллея абаттандырылды, жаңа ағаштар отырғызылып, жаңарту жұмыстары жүргізілген. Осы мақсаттарға бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлінген», - деді Октябрь ауданының әкімдігінде.
Салтанатты шараға шақырылған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медальдары табыс етілді.
Аллеяда мерекелік концерт пен театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Содан кейін ардагерлерге мерекелік түскі ас берілді.
Мартбек Мамыраев - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тумасы. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған. 1943 жылдың қыркүйегінде Днепрді азат етуде ерлік танытқан. Жеке өзінің пулеметынан Мартбек Мамыраев 50-ден астам неміс әскері мен офицерлерін өлтірген, жаудың екі отты нүктесін қатардан жойған. Жараланғаннан кейін де ол жаудың барлық шабуылдары тоқтатылмайынша майданда соғыса берген. Осы операциясы үшін Мартбек Мамыраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.
Кеңес Одағының Батыры 1989 жылы 81 жасында дүниеден озған.