09:43, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Қарағандыда көпқабатты үйден шыққан өрттен 1 адам қаза тауып, 2 балаға иіс тиді
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда көпқабатты үйден шыққан өрттен 1 адам қаза тауып, 2 балаға иіс тиді.
Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
Өрт 24 сәуір күні сағат 13:10-да Қарағанды қаласының Ержанов көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдің 6 қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнынан 4 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қызыл жалын шарпыған аумақ 24 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жауды сөндіру барысында 75 жастағы әйелдің денесі табылып, иіс тиген екі бала ауруханаға жеткізілді.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 23 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.