Қарағандыда көші-қон полициясы қызметкерлеріне көші-қонды басқару бойынша курс басталды
Көші-қон полициясы қызметкерлерін оқыту көші-қонды басқару саласындағы ұлттық жүйені күшейту мақсатында өзекті мәселе болып табылады. 2011 жылы Қазақстанда көші-қон бойынша жаңа заң қабылданды және сол жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанында жаңадан көші-қон полициясы құрылды. 2012 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Полиция академиясы негізінде көші-қон полициясы қызметкерлеріне көші-қонды басқару бойынша арнайы оқу курсын дамыту және енгізу жоспарын қабылдады. 2012 жылдың қазан айында Академия қызметкерлері Беларусь Ішкі істер министрлігі Академиясында оқу курстарын тәмамдады. Аталмыш курсқа ХКҚҰ және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы сарапшыларының көмегімен арнайы жаңа оқу құралдары дайындалды.
Академия оқытушыларына арналған тренинг Орталық Азиядағы аймақтық көші-қон бағдарламасы аясында өткізіледі. Аталған бағдарлама Ұлыбритания үкіметінің қаржыландыруымен ХКҚҰ, БҰҰ-Әйелдер, Дүниежүзілік банкі арқылы жүзеге асырылады.