19:34, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Қарағандыда күй фестивалі өтті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алғаш рет күй фестивалі өтті.

Шара Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналды.
Мәдени шара халықтық өнерге табынушылардың басын қосты. Қазақтың белгілі күйші-композиторлары Тәттімбет, Құрманғазы, Аққыз шығармалары орындалды.
«Жеті жастан домбыраның құлағында ойнаймын. Қазір «Жас Өркен» ансамблінің құрамында жұмыс істеймін. Репертуарымда шамамен 30 күй бар. Алдағы уақытта оның саны артады деп ойлаймын», - деді жас күйші, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың қатысушысы Диана Әбеуова.
Фестиваль ұйымдастырушылары аталған шараны игі дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.