Қарағандыда мамырдың алғашқы күндері Жеңістің 65 жылдығына арналған бірқатар мәдени шаралар болып өтті

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мәдени шаралардың тізбегі жалғасуда.
None
None

Мамырдың алғашқы күндері облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» мемориалының қасында екі рет салтанатты жиын өтті. Осы жерден үрлемелі оркестрдің сап-шеруі басталды, оған қатысушылар Жауынгерлік даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Мәңгілік алау» қасында сондай-ақ «Жеңіске шашу» фестивалінің ашылуы болды, соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсірді.

«Жеңіс сапында шырқа керней» атты үрлемелі және джаз музыканың IX облыстық фестивалі Қазақстан халқы бірлігі күні мен Жеңістің 65 жылдығына арналды. «Халықтық» атаққа ие 5 үрмелі оркестрімен қосқанда оған 13 ұжым қатысты. Фестиваль бағдарламасында алғашқы рет №1 өнер мектебінің «Вдохновение» флейташылар ансамблі мен Т.Бигелдинов атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатының барабаншылар тобы қатысты. Үрлемелі оркестрдің сап-шеруі «Мәңгілік алаудан» басталып, Қарағанды көшелерімен Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жалғасты, сол жерде ұжымдардың концерті болды.

Дәстүрлі XX «Жеңіс шашуы» фестиваліне облыстың әр аймақтарынан келген соғыс және еңбек ардагерлерінен құралған 20 хор ұжымы қатысты. Фестиваль 55 жастан бастап 96 жасқа дейінгі 500-ден астам көркемөнерпаздарды жинады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар: Михаил Антонович Кветинский (Қарағанды, «Молодежный» МҮ «Вдохновение» ардагерлер халықтық хоры), Нина Николаевна Сорокина (Қарағанды, Жаңа Майқұдық МҮ «Надежда» ардагерлер хоры) және Жақия Мұсатаев (Қарқаралы ауданы, «Қайран жастық» ансамблі). Қатысушылардың арасында сондай-ақ 65 тыл еңбеккерлері болды.

Бұл мерекелік шараларды облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар