Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 24-28 қараша аралығында жасөрпірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша республикалық жарыс басталды, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

«Сайыс Қарағандының «Ақжолтай» мұз алауында өтеді. Ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр», делінген хабарламада.

Жарыста Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Шымкент, Сәтпаев және Көкшетау қаласынан келген 150-ден астам спортшы бар. Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткізіліп отырған чемпионат бағдарламасына 2,1 жасөспірімдік, 3 спорт шеберіне үміткер үшін сындар енген. Жарыста Қарағандының намысын республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері: Юлия Белоглазова, Алина Асауова, Эльвира Темірова, Асанәлі Жақышев, Мелис Хәкімов, Маргарита Галимова, Екатерина Тян, Валерия Стренадкина, Алена Куропаткина, Назар Трещев сынды спортшылар қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар