Қарағандыда медиатордың көмегімен экономикалық дауды шешу мүмкін болды

ҚАРАҒАНДЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат -  Қарағандыда алғаш рет медиаторлардың көмегімен экономикалық дау шешілді, деп хабарланды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиацияны өткізу туралы келісімнің жасалуына байланысты істі қарауды уақытша тоқтатудың алғашқы фактісі тіркелді. Іс  жеке кәсіпкердің өндірістік кооперативті жұмыстардағы кемшіліктерді жоюға, атқару құжаттарын ұсынуға  мәжбүрлеу туралы талап-арызы бойынша қаралды», деп хабарланды облыстық соттың баспасөз қызметінен.  

ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 242-бабы, 7-тармағына сәйкес сот медиацияны өткізу туралы келісім жасалған жағдайда іс бойынша өндірісті уақытша тоқтатуға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Медиация туралы» заңы 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданды.

Соңғы жаңалықтар