19:23, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қарағандыда Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры қызметіне Азамат Жолманов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұрын бұл қызметте Амантай Өмірзақов болған. Зейнет жасына жетуіне байланысты Өмірзақовқа Академия басшылығы атынан адал еңбегімен білім жүйесіне сіңірген үшін алғыс жарияланды.
Жоламанов Азамат Сағатұлы бұған дейін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беру институты директорының орынбасары қызметін атқарған.