Қарағандыда оқ тиіп жарақаттанған полиция қызметкері мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда оқ тиіп жарақаттанған 21 жасар полиция қызметкері опат болды.
None
None

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, төтенше жағдай бүгін, желтоқсанның 20-сында, таңғы сағат бестердің шамасында қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан автотұрақтардың бірінде болған.

«Белгісіз біреу белгісіз қарудан көлігінде отырған полиция қызметкеріне оқ атқан. Жарақат алған полицей облыстық медицина орталығына жеткізілгенімен, есін жимаған күйі көз жұмды», - деп мәлім етті облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар