Қарағандыда Олимпиада-2012 ойындарының ашылу құрметіне флеш-моб ұйымдастырылды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандыда Олимпиада-2012 ойындарының ашылу құрметіне флеш-моб өтті, деп хабарлады  www.olympickhabar.kz сайты.
None
None

Қатарға саптай тізілген акцияның қатысушылары олимпиада символының басты пішіні іспеттес әлемнің 5 құрлығын айқындайтын 5 сақинананы келтірді.

Қарағандылықтар бұл флеш-мобты кеше, Лондонда ашылған Олимпиада ойындарына және дүбірді додаға жолдама ұтып алған қазақстандық атлеттерге арнады.

Қарағандылықтар өздерінің жерлестері - боксшы Серік Сәпиев пен дзюдошы Максим Раковка және онсайысшы Дмитрий Каповка үлкен үміт артады. 

Соңғы жаңалықтар