Қарағандыда өткен республикалық семинарда санитарлық дәрігерлер құтыру ауруының алдын алу жолдарын талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті өкілдерінің қатысуымен «Құтыру ауруының алдын алудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар болып өтті.
None
None

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда құтыру ауруына шалдығу жағдайы сақтануды талап етеді.

«Дәл қазір республикада құтыру ошақтарының табиғи түрлері басым. Соңғы 5 жылда республика бойынша құтыруға шалдыққан 39 адам тіркелген, оның ішінде 30 адам оңтүстік аймақтарда тұрады. Қарағанды облысында 2009 жылы құтырумен ауырған 2 адам анықталса, оның екеуі де дәрігерге кеш қаралу салдарынан көз жұмған», - дейді Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Аймағанбет Жолшоринов.

Семинарға қатысушылар ең алдымен халық арасында санитарлық білім беру жұмысын ұйымдастыру керек деген ойларын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар