13:45, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Қарағандыда пәтер ұрлықтарын жасаған 8 адам ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Пәтер ұрлықтарының алдын алу және ашу бойынша қолданылып жатқан шараларды белсендету және тиімділігін арттыру мақсатында 6-10 тамыз аралығында Қарағанды қаласында «Пәтер» атты кең көлемдегі жедел-алдын алу шарасы өтуде,

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
7 тамыз бойынша 10 пәтер ұрлығы тіркелді, олардың бесеуі ізі суымай ашылды. Бұдан басқа, бұрын жасалған үш қылмыстың беті ашылды. Пәтер ұрлықтарын жасағаны үшін 8 адам ұсталды.
Жедел-алдын алу шарасы басталғаннан бері мекен-жайлары бойынша тіркеуге алынған 85 адам, 110 жалдамалы пәтер, 45 ломбард тексерілді.