Қарағандыда патриоттық және әскери-спорттық клубтардың ІІІ облыстық слеті өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда Жеңіс күні қарсаңында патриоттық және әскери-спорттық клубтардың ІІІ облыстық слеті болып өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлап отыр.
None
None

Аймақта дәстүрге айналған іс-шараны биылғы жылы ұйымдастырушылар Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орайластырып отыр. Слетке облыстың барлық аймақтарынан командалар келді.

«Слеттің салтанатты ашылу рәсімі «Мәңгілік алау» мемориалы жанында болды. Жас ұрпақ өкілдерін ардагерлер қарсы алды. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минуттік үнсіздікпен еске алды. Т.Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мемориалға гүл шоқтарын қойды», - деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараны орталық мәдениет және демалыс саябағындағы шаралар жалғастырды. «Ұлан» әскери ойыны әскери істің біліктілігін көрсетті. Жеткіншектер саптық жүруді көрсетіп, автоматтарды бұзып, жинады, граната лақтырып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Дене шынықтырудың нормативтерін тапсырды. Сонымен қатар, слетке қатысушылар көрермендер назарына өздерінің шығармашылық бағдарламаларын да ұсыныпты.

Соңғы жаңалықтар