Қарағандыда соғыс батыры, Даңқ орденінің толық иегері Николай Покотиловқа арналған ескерткіш тақта ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Николай Изотович Покотиловқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Мемориалдық тақта Сортировка кентінде, Достық көшесіндегі 129-ші үйге орнатылды. Осынау оқиғаның құрметіне онда салтанатты митинг өтті.
None
None

Н.Покотилов, кезіндегі Целиноград облысының (қазір Ақмола облысы) Вишневской ауданындағы Кинетай селосының тумасы, майданға 1942 жылы 19 жасында шақырылған. 49-шы армияның 2368-ші атқыштар дивициясына қарайтын 837-ші атқыштар полкында 120 милиметрлік минометтер батареясының құрамында 2-ші Беларусь майданында шайқасқан. Беларусь, Польша елдерін азат етуге, Германия аумағындағы шайқастарға қатысқан.

Шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін кіші сержант Н.Покотилов 1944 жылы қыркүйектің 8-інде ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1945 жылы ақпанның 22-сінде ІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Ал 1945 жылдың наурыз айында Польшаның Данциг қаласының түбінде (қазіргі Гданьск) ол фашистердің тұтас взводының көзін жойып, жаудың оншақты от нүктесінің үнін өшірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1945 жылғы маусымның 29-ындағы Жарлығымен І дәрежелі Даңқ ордені берілді. Соғыстан кейін тағы екі жыл КСРО Қарулы күштерінің қатарында қызметін жалғастырған ол, әскерден босатылғаннан кейін туған жеріне оралды, 1972 жылы Қарағандыға көшті. Өмір бойы бухгалтерлік салада еңбек етті. Ол сондай-ақ І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

1994 жылы оған Қарағандының Құрметті азаматы атағы берілді. Ардагер 1996 жылы дүниеден озды.

Соңғы жаңалықтар