Қарағандыда тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін таңертең Қарағандыдағы 4 пәтерлік жеке тұрғын үйде өрт шығып, соның салдарынан үш адам қаза тапты.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 9 қаңтар күні сағат 04:56-да Рижская көшесінде орналасқан 4 пәтерлік бір қабатты кірпіш үйде өрт шықты. «Өрт сөндіруші қызметкерлері келгенге дейін өрт 20 шаршы метр аумақты алып, ағаш жабындар, аралықтар, терезе жіге есік блоктары жанып жатқан. Өртті сөндіру кезінде 36 және 60 жастағы екі әйел мен 30 жастағы бір ер адамның мәйіттері табылған», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге шамамен екі сағат кетті. Оған өрт сөндіру қызметі мен апат-құтқару жұмыстарының 19 қызметкері ммен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. «Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр», - делінеді хабарламада.

Соңғы жаңалықтар