08:18, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Қарағандыда тұрғын үйден өрт шықты, бір адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарағанды қаласында 15-ші шағын ауданда бес қабатты тұрғын үйде кеше таңғы 05.23 кезінде үшінші қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
![None None](/static/img/plug.webp)
Үш адам құтқарылды, оның ішінде екі бала бар. 8 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамның 18 адамы жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1957 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Иіс тиіп уланған 1937 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды.