Қарағандыда Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-туры өтеді

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 6-13 наурыз күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-туры болады.
None
None

«Шахтер» стадионының  Жастар залында өтетін бұл жарыс «Астана» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командаларының арасындағы ойынмен басталады. 

Қазір турнир кестесінде 3 турдың қорытындысы бойынша 54 ұпаймен Алматы облысының «Жетісу» командасы өзгелерден біршама ұзап кетті. Екінші-үшінші  орында «Астана» (39 ұпай) мен «Ертіс-Қазхром» (32 ұпай) келе жатыр. Ал «Қарағандыда» - 20,  «Алматыда» - 13, «Метауллург АМТ»-да  - 13, «Шығыс-Қорғасын Құрылыста» - 6 ұпай ғана бар. Мамандар  бұл сында «Ертіс-Қазхром», «Қарағанды» және «Алматы» волейболшылар арасында 3-орын үшін қызу тартыс болады деп болжауда.

Соңғы жаңалықтар