Қарағандыда ұрлау мақсатында көліктің есігін бұзған бір топ жас ұсталды, олардың арасында екеуі - кәмелетке толмағандар

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда ұрлау мақсатында көліктің есігін бұзған 4 жас ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД болған баспасөз мәслихатында хабарланды.
None
None

Ұсталғандардың арасында 21 жасар жігіт пен 20 жастағы бойжеткен, сондай-ақ екі кәмелетке толмаған бала бар. Оның бірі колледждің 17 жасар студенті мен кәсіби мектептің оқушысы.

Полицейлердің жорамалы бойынша, қыркүйектің 4-і мен 5-іне қараған түні олар автокөліктердің құлпын үш рет бұзып, көліктерді ұрлап кетпек болды. Барлық үш факті де қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Шахтерлер даңғылында тіркелді, деп хабарланды мәслихатта. Бірінші көліктен құқық бұзушылар автомагнитола мен динамиктерді ұрлап кетсе, ал екіншісінің құрылғылар орналасқан тақтайшасын сындырып кетті. Ұсталғандардан барлық айғақ заттар табылды. Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, тергеу алды тексерістер жүргізіліп, осыған қатысты шара қолдану мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар