11:50, 31 Қазан 2009 | GMT +5
Қарағандыда үш автокөлік соқтығысып қалды, адам шығыны жоқ - ТЖМ
АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат - Қарағандыда үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті, құрбан болғандар жоқ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы жұма күні сағат 13:30-да, «Шығыс-5» шағынауданындағы насосты стансы аумағында болды. «Рено», «Фольксваген» және «Ауди» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан, «Рено» көлігінің 24 және 6 жасар жолаушылары мен соңғы автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.