Қарағандыда ұсталған қылмыстық топтың мүшесі мен серкесінен қару мен есірткі тәркіленді

«Облыстық ІІД ҰҚКБ қызметкерлері 2011 жылдың 28 сәуірінде қылмыстық топтың басшысы, 29 жасар қала тұрғынының басқаруындағы «BMW-528» автоөклігі құрықталды. Жеке тінту кезінде одан 4 оғы бар 7,62 мм калибрлі «ТТ» маркалы тапанша мен 1,07 грамм салмақтағы героин есірткісі тәркіленді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау абақтысынақамалды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын Қарағандыда облыстық ІІД ЕБҚКБ қызметкерлері 2007 жылдың тамызынан бері ІІО-да ҰҚТ белсенді мүшесі ретінде есепте тұрған 30 жасар ер азаматты құрықтады. «Оны жеке тінту кезінде оның сол аяғындағы шұлығында қою сары түсті зат салынған полимер қалта табылды. Одан кейін «Тойота Раф-4» автокөлігін тексеру кезінде қоңыр түсті зат салынған қалта мен 6 оғы бар 16 калибрлі шолақ мылтық табылды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген ұнтақтар салмағы 1,175 келі героин есірткісі болып шықты.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 259-бабы 3-тарауының «в» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Ұсталған уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.