Қарағандыда ұялы телефондар салонынан 705 мың теңгенің заттары ұрланды

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Полицияға 24 шілде күні 33 жастағы кәсіпкер әйел шағымданған. Оның айтуы бойынша, белгісіз біреулер сауда үйінде жалға алынған дүңгіршектің терезесін сындырып, 705 мың теңгелік заттарды ұрлап әкеткен.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

10 ұялы телефон, 20 флэш-карта мен бірлік салатын терминал, сондай-ақ 235 мың теңге сомасында ақша ұрланған.

Полиция қызметкері жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында 23 жасар Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Заттық айғақтар алынды.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар