Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары  арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-туры басталды.
None
None

  Алғашқы ойында «астаналықтар»  өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»), павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:0 есебімен ұтты. Ал «қарағандылықтар» «алматылықтармен» ұпай бөлісті (3:2).

 Бүгін ел чемпионатында көш бастап келе жатқан Алматы облысының «Жетісуы» 1-кездесуін астаналықтармен өткізеді. Ал өскемендіктер павлодарлық, теміртаулықтар қарағандылық волейболшылармен шеберлік байқасады.

Өткен 4 турда «Жетісу» - 54,  «Астана» - 39, Ертіс-Қазхром» - 32, «Қарағанды» - 20,  «Алматы» - 13, «Метауллург АМТ» - 13, «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» - 6 ұпай жинаған еді. Өзгелерден айтарлықтай ұзап кеткен жетісулықтар енді ешкімге қарасын көрсетпейтіне еш күмән жоқ. Ал 2-3 орынға таласатын командаларда әлі мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар