Қарағандыда Жеңіс күнін тойлау «Мәңгілік алау» мемориалындағы митингтен басталды

Оған облыс пен қала басшылығы, ардагерлер, әскери қызметшілер қатысты. Қала тұрғындары таңертеңнен бастап «Мәңгілік алау» жанына келіп, арамызда қалған ардагерлерді құттықтап, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды.
«Ұлы Жеңістің естелігіне уақыт өз билігін жүргізе алмайды. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған уақыты тарих қойнауына бойлап кете барғанымен, Отанымызды қорғап қалғандардың ерлігі жадымызда мәңгіге сақталады», - деді өзінің құттықтау сөзінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов. - Қазақстандықтар Жеңіске өз үлестерін қосты. Тек Қарағанды облысының өзінен-ақ майданға 45 мыңнан астам адам аттанды».
Жеңіссіз, соғыс жылдарында жауынгерлердің көрсеткен ерліктері мен батырлығынсыз қазіргі тәуелсіз Қазақстан болмайтын еді, деп атап өтті митинг кезінде аймақ басшысы.