Қарағандыда Жеңістің 65 жылдығына арналған қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық айлығы басталды
Қаланың орталығында, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының алдында 70-ке жуық жастар өз денелерімен «Жеңіс» сөзін бейнеледі. Осымен бірдей уақытта флэш-моб акциясы қаланың басқа да аудандарында, соның ішінде Жеңіс саябағында да өтті.
Айлықтың ашылу салтанаты одан әрі Күрілдеуік алаңында жалғасты. Бұл жерде жастарды Ұлы Отан соғысының және Ауғанстанда соғысына қатысқан атқарған ардагерлер қарсы алды. Мерейтойға арналған 65 әуе шары аспанға ұшырылды. Сонан соң әскери оркестр ойнап, «Бүркіт» арнайы бөлімінің әскерлері ротасының көрсетілімі болды. Салтанатты көркемөнерпаздар қатысуымен өткен мерекелік концерт қорытындылады.
Облыстық ішкі саясат басқармасы қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық айлығын қорғаныс істері жөніндегі департаментімен, «Астана» аумақтық қолбасшылығымен, ішкі әскерлер бірлестігімен және ардагерлер қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырды.