Қарағандыда жол полицейлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болды

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның  25-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда  жол  полициясы  инспекторларының талабына тоқтамаған   жол қозғалысы ережелерін бұзушыны   ұстау кезінде  табельдік қару  қолдануға тура келді, 
None
None

деп хабарлайды  Қарағанды  облысы  Ішкі істер  департаментінің     жол  полициясы басқармасынан.

 Жол полициясы  басқармасының    қала  орталығындағы    Бұқар жырау көшесінде  қызмет атқарып  жүрген батальон  инспекторлары бағдаршамның   тыйым  салған   белгісіне    өтіп кеткен «Фольксваген-гольф»   машинасын  байқайды.     Жол  полицейлері    көлік  жүргізушіге «тоқта» деген      белгі береді,    бірақ   ереже  бұзушы   оқиға орнынан  қашып  кетуге тырысады.

 «Үш бірдей   патрульдік  көліктің    талабын  құлаққа  ілмеген    жүргізуші  Пришахтинск   ауданына қарай    бет алады.  Көлікті  тоқтату  үшін  барлық   шара  қабылданады.  Бірақ  бәрібір бой бермеген жүргізушіні    тоқтату  үшін полицейлер   автокөліктің    доңғалақтарынан  атуға  мәжбүр болды»,-  деп хабарлады     басқарманың баспасөз қызметінен. 

 Көлік  тоқтағаннан кейін де  жүргізуші  мен    ондағы жолаушы    жаяу  қашпақ болған,  бірақ   сол  маңда  ұсталған.

 Анықталғандай,   ол көлікте  Теміртаудың   тұрғындары  болған,  екеуі  де - 24 жаста.   Олардың да, машинаның  да құжаттары   дұрыс болған.   Жігіттердің айтуынша,  олар     қорқып қашқан.

 «Көлік    айып тұрағына   қойылды.   Бұл  факті  бойынша   төрт хаттама  толтырылды»,  деп   хабарлады    Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар