Қарағандыда жол полицейлері жалған нөмірмен «Porsche Cayenne» көлігін ұстады

ҚАРАҒАНДЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда жол полициясы қызметкерлері қалада жалған нөмірмен айдап жүрген «Porsche Cayenne» көлігін ұстады, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Кеше Қарағанды қаласының Ермеков көшесі мен Бұқар Жырау даңғылының қиылысында Қарағанды облыстық ІІД  жол полициясының  №2 жеке батальонының инспекторлары қара түсті «Porsche Cayenne» көлігін ұстады. Тексеру кезінде көлікке «Мерседес» автомашинасына тіркелген жалған нөмір тағылғандығы анықталды», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жүргізуші, Қарағанды қаласының 21 жастағы тұрғыны бұл нөмір белгілерін тауып алғандығын айтты. Ол сондай-ақ 2012 жылдың 17 қарашасында есептен алынған техникалық төлқұжатты ұсынды.

«Porsche Cayenne» көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 4 хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар