15:48, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам жарақаттанды
ҚАРАҒАНДЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам зардап шекті.
Бұл туралы бүгін облыстың ІІБ ЖПБ баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік апаты 29 желтоқсанда Майқұдық ауданында сағат 16. 00 -да орын алған. «№3 автопаркінің 40-шы бағытпен жүретін «Мерседес» маркалы автобусының 42 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып «Мазда-626» маркалы көлікпен соқтығысқан. Апаттың салдарынан «Мазданың» жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ЖПБ-ның баспасөз қызметі.
Полицияның берген ақпараты бойынша, автобуста 15 жолаушы болған, бақытқа орай олардың ешқайсысы зардап шекпеген. «Жол-көлік апаты бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады ЖПБ-ның баспасөз қызметі.