Қарағандыдағы дәмханалардың біріне шабуыл жасамақ болған қарақшыларды «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері күтіп алды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қала орталығындағы дәмханалардың ойын залын тонамақ болған қарақшылардың әрекетінің алдын алды. Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов баяндады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, полиция органдарына аталмыш қылмыстың наурыздың 25-і күні орын алатындығы жөнінде алдын ала мәлімет келіп түскен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қарақшылық жасалатын күні дәмханаға келушілердің барлығын ғимараттан шығарып, өздері онда қарақшыларды аңдумен болады. «Осы күні түнгі сағат 2-лер шамасында бетперде киген екі азамат дәмханаға кіріп келіп, олардың бірі қолындағы қарудан күзетші тұрған жаққа бір рет оқ атады да ақша талап ете бастайды. Осы сәтте арнайы мақсаттағы «Арлан» тобының қызметкері автоматтан оқ жаудырып, қарақшылар тәртіп сақшыларына берілуге мәжбүр болды. Сөйтіп, қарақшылық әрекеттің жолы кесілді. Екі қарақшы да дін аман қамауға алынды», деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар