Қарағандыдағы К.Станиславский атындағы драма театры Ресейде өткен фестивальде «Орыс тілінің тазалығы үшін» дипломын алды

ҚАРАҒАНДЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы К.Станиславский атындағы Халықтар достығы орденінің мемлекеттік орыс драма театры Ресейдің Йошкар-Ола қаласында өткен халықаралық фестивалінен марапатпен оралды.  Бұл туралы театрдан хабарлады.
None
None

«Біз Йошкар-Ола қаласында өткен «Достық көпірі» атты ресейлік республикалар мен шетелдің орыс драма театрларының халықаралық фестиваліне қатыстық. Ұжымымыз А.Толстойдың шығармасы бойынша жазылған РФ еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Дмитрий Горниктің қойылымындағы «Театр романсы» спекталін көрсетті. Қазылар алқасы біздің театр жұмысын жоғары бағалап, фестивальдің «Орыс тілінің тазалығы үшін» дипломымен марапаттады. Сондай-ақ біз фестиваль дирекциясының жүлдесін алдық», - деді театрда.

Бұдан басқа, театрдың жас актері Иван Немцев «Табыс жолы» дипломымен атап өтілді. Фестиваль дирекциясы актриса Галина Турчинаға жүлде берді.

Соңғы жаңалықтар