Қарағандыдағы Қазақстанның 50 жылдығы саябағында Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне ескерткіш ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының Октябрь ауданында сәрсенбі, мамырдың 5-і күні Қазақстанның 50 жылдығы саябағында майданға Сталин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне ескерткіш ашылды.
None
None

Сталин (қазіргі Октябрь) ауданынан майданға шақырылғандарды шығарып салған орынды табуға он жыл бұрын Майқұдық мектебі іздеу тобының бір оқушысы көмектескен. Сол кезде ол жерге ескерткіш тасы орнатылған. Содан бері Жеңіс күні қарсаңында қаланың ескі аумағындағы бұрынғы Сталин аудандық әскери комиссариат орналасқан алаңға ардагерлерді жинау дәстүрге айналған. Былтыр сол жерге ескерткіш салған, ал биыл ардагерлердің өтінішімен ол саябаққа ауыстырылды.

Саябақтағы ескерткіштің ашылу салтанаты құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен митинг өтті. Бұл салтанатты шараға Сталин аудандық әскери комиссариатының бұрынғы шақырылған жауынгерлері қатысты. «Мен майданға 1943 жылы аттандым. Сол кезде жасым 17 жарымда еді. Мені анам шығарып салған. Соғысқа біз баянмен ән айтып бара жататын едік», деп еске алды 84 жасар ардагер Николай Григорьевич Ушаков.

Октябрь ауданының әкімі Сергей Қасымов ардагерлерге «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» атты медальды тапсырды. Жиналған қауым майдан даласының асханасында дайындалған сарбаз ботқасының дәмін татты.

Ескерткіште «Майданға шақырылғандар - 11533, қаза тапқандары - 6298», «Солдат мәңгіге кетті» деген жазулар бар.

Соңғы жаңалықтар